КХДР ядролық мемлекет ретінде мойындалмайды

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Корей Халық Демократиялық Республикасы ядролық мемлекет ретінде мойындалмайды, деп хабарлайды 24.kz.

КХДР ядролық мемлекет ретінде мойындалмайды

Бұл туралы АҚШ-тың мемелекеттік хатшысы Джон Керри Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хе және Сыртқы істер министрімен кездескеннен кейін мәлімдеді. Дж.Керридің айтуынша, Корей түбегінде пайда болған шиеленісті ресми Пхеньянмен келіссөз жүргізу арқылы ғана шешуге болады. Сонымен қатар АҚШ пен Оңтүстік Корея КХДР тарапынан кез келген арандатуды тойтара алатындығын айтты. Джон Керри өз сөзінде Оңтүстік Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің бірлесіп әрекет етуі Ким Чен Ынның алдағы шешіміне байланысты болатындығын айтты.