КХДР зеңбіректері Жапон теңізіне қарай 100-ге жуық снаряд жаудырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні КХДР Жапон теңізіне қарай зеңбіректен 100-ге жуық снаряд жаудырды, деп хабарлады Ренхап агенттігі.
Снарядтар жергілікті уақытпен сағат 11.53-те Корея жарты аралын 38- параллель бойынша солтүстік (КХДР) және оңтүстікке (Корея Республикасы) бөліп тұрған демилитарлық аймақтан жіберілген.
Кеше КХДР Жапон теңізі жаққа тағы екі баллистикалық зымыран жіберді. Ал маусымның соңында баллистикалық зымыранмен атқылаған болатын. Бұдан кейін де КХДР Жапон теңізі жағына бірнеше зымыран жіберді.
КХДР 2005 жылы өзін ядролық держава деп жариялаған. 2006, 2009 және 2013-ші жылдарда жер астындағы ядролық сынамалар жүргізген. Бұл оқиға халықаралық қауымдастық арасында наразылық тудырды. Пхеньянның іс-әрекеттеріне жауап ретінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі КХДР ядролық саладағы әрекеттерін доғаруды талап еткен бірқатар қарар қабылдады.