КХДР Жапонияға қарай зымыран ұшырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 тамыз күні КХДР Жапонияға қарай кезекті рет зымыран ұшырды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазуда.

Таратылған хабарламада атап өтілгендей, КХДР ұшырған зымыран үш бөлікке бөлініп, Жапонияның Хоккайдо аралының маңына құлаған. Бұл туралы сондай-ақ шұғыл баспасөз мәслихатында Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга мәлім етті.

Жапония билігі халықты шұғыл ақпараттандыру жүйесі J-Alert арқылы ескерту таратып, болжам бойынша, КХДР жіберген зымыран Жапонияның солтүстік-шығыс бөлігімен өтіп, Тынық мұхитқа қарай ұшқанын хабарлады. Ескерту Хоккайдо, Аомори, Мияги, Иватэ, Акита және Ямагата префектураларына қатысты.

 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram