Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

КХДР зымыран қозғалтқышына жаңа сынақтар өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  КХДР жұма, 24 наурыз күні құрлықаралық баллистикалық зымыранда қолданылуы ықтимал зымыран қозғалтқышына жаңа сынақтар өткізді.

КХДР зымыран қозғалтқышына жаңа сынақтар өткізді

Бұл туралы дүйсенбі күні CNN телеарнасы америкалық қарулы күштердегі дереккөзге сілтеме жасап  хабарлады.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, аталған тест соңғы бірнеше аптадағы үшінші сынақ болып отыр.

19 наурыз күні солтүстіккорейлік Пхенан-Пукто провинциясындағы Сохэ ғарыш айлағында зымыранның жаңа қозғалтқышы сынақтан өтті. Осыдан кейін КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын өзге елдерде жасалған технологияларға тәуелді болмайтын дербес ұлттық зымыран индустриясының басталғанын мәлім етті.

22 наурыз күні Пхеньян зымыран ұшырды. Оңтүстіккорейлік әскерилердің айтуынша, зымыран сынағы сәтсіз аяқталды.