ҚХЛ: «Барыс» алдағы үш ойынына қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы үш ойынына қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады.

Барыс хоккей командасы
Фото: ru.hcbarys.kz

Қазақстандық команда алдағы күндерде Мәскеу - Мытищи -Челябі қалаларында ойындар өткізеді.

Қақпашылар: Никита Бояркин, Юхан Маттссон, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Виктор Антипин, Әділ Бекетаев, Данил Бутенко, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Никита Камалов, Артём Королёв, Илья Хохлов.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Станислав Бочаров, Антон Бурдасов, Дамир Жафяров, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Иван Николишин, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Никита Сетдиков, Аңсар Шайхмедденов.

Ал Бейбарыс Оразов Қазақстан жастар құрамасы сапына шақырту алды. Қазақстандық жастар 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты элиталық дивизиондағы ойындарына дайындалады.

Ойындар кестесі (Астана уақытымен):

17 желтоқсан. 21:30. Мәскеу. «Динамо» (Ресей) - «Барыс»;

19 желтоқсан. 21:30. Мытищи. «Куньлунь Ред Стар» (Қытай) - «Барыс»;

21 желтоқсан. 16:00. Челябі. «Трактор» (Ресей) - «Барыс».

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» СКА командасынан жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар