ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада Беларусьтің «Динамо» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 22 қарашада елордада елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді.

«Барыс» хоккей клубы
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 16:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 28 ойыннан кейін 29 ұпаймен он алтыншы орында тұрса, «Динамо» клубы 28 ойыннан кейін 29 ұпаймен он жетінші орынға жайғасқан.

Елордалық команда соңғы алты ойынның екеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің үшеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің екеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Дмитрий Николаев, Владислав Нурек, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Айта кетсек, бұдан кейін қазақстандық тағы бір ойынын елордада өткізіп, 25 қарашада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.