ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Ак Барспен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 30 қыркүйекте елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.

ы
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Турнир кестесінде «Ак Барс» командасы 10 ойыннан кейін 13 ұпаймен жетінші орында тұрса, «Барыс» 9 ойыннан кейін 10 ұпаймен он бірінші орында келеді.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесуде елордалық клуб барлығында қарсыласына есе жіберді.

Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Қазақстандық команда алдағы үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 30 қыркүйекте Ресейде «Ак Барс» (Қазан) клубымен кездессе, одан кейін 2 қазанда «Нефтехимик» (Нижнекамск), 4 қазанда «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан екінші рет жеңілді.