ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Автомобилистпен» кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 26 қазанда Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 18 ойыннан кейін 21 ұпаймен он бірінші орында тұрса, «Автомобилист» 18 ойыннан кейін 15 ұпаймен он бесінші орынға жайғасқан.
Елордалық команда соңғы алты ойынның үшеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің үшеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.
Екі команда арасындағы соңғы бес ойынның үшеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
«Барыс» командасының құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Команда құрамынан Мәди Диқанбек пен Всеволод Логвин Астанада қалып, қалпына келу процесін жалғастырады.
Алдағы ойындар кестесі (Қазақстан уақытымен):
26 қазан, 19:00. «Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) - «Барыс»
28 қазан, 21:10. «Динамо» (Минск, Беларусь) - «Барыс»
30 қазан, 21:30. «Шанхайские драконы» (Шанхай, Қытай) - «Барыс».
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Адмиралға» есе жіберді.