ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Нефтехимикпен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 29 қарашада Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді.

«Барыс» хоккей клубы
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 16:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 31 ойыннан кейін 33 ұпаймен он үшінші орында тұрса, «Нефтехимик» 32 ойыннан кейін 37 ұпаймен жетінші орынға жайғасқан.

Елордалық команда соңғы алты ойынның үшеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің екеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің төртеуінде елордалық клуб қарсыласына есе жіберді.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Дмитрий Николаев, Владислав Нурек, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Мәди Диқанбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәли Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Елордалық клуб бұдан кейін бір кездесуін сырт айдында 1 желтоқсанда Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, 6-12 желтоқсан аралығында Будапештте (Венгрия) өтетін IA дивизионындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімі белгілі болды.