ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 17 қазанда Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 15:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» командасымен кездеседі
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 15 ойыннан кейін 18 ұпаймен сегізінші орында тұрса, «Сибирь» 16 ойыннан кейін 15 ұпаймен он бесінші орынға жайғасқан.

Елордалық команда соңғы алты ойынның төртеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб та алты кездесудің төртеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

Екі команда арасындағы соңғы бес ойынның біреуінде елордалық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанали Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Қазақстандық команда бұдан кейін екі кездесуді сырт айдында өткізеді. Алдымен 19 қазанда Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасымен кездессе, 21 қазанда «Адмирал» (Владивосток) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Автомобилистті» жеңіп, сегізінші орынға көтерілді