ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Трактормен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 4 қарашада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 16:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Трактормен» кездеседі
Фото: «Барыс» ХК

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 21 ойыннан кейін 25 ұпаймен тоғызыншы орында тұрса, «Трактор» клубы 21 ойыннан кейін 19 ұпаймен жиырмасынша орынға жайғасқан.

Елордалық команда соңғы алты ойынның үшеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің екеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің біреуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Данил Лыткин («Номад» командасынан келді), Хантер Шепард, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Владислав Нурек Азия чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының сапына шақыру алса. Мәди Диханбек қалпына келу процесін жалғастыруда.
Қазақстандық клуб алдағы екі ойынын Ресейде өткізеді.

Енді елордалық команда Ресейде 6 қарашада 14:30–да «Адмирал» (Влаивосток) клубымен кездессе, 8 қарашада 12:00–де «Амур» (Хабаровск) командасымен шеберлік байқасады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан екінші жеңісіне жетті.