ҚХЛ: «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 22 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізді.

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер бірінші кезеңде алғашқы болып есеп ашты. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде «Северсталь» басымдықты арттырса, одан кейін қазақстандық команда қатарынан екі шайба енгізді.

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік клуб жеңіс шайбасын соғып кетті.

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Северсталь» (Череповец, Ресей) 2:3 ОТ (0:1, 0:0, 2:1, 0:1)

0:1 - Аймурзин (Скоренов, Ильин) - 08:45 

0:2 - Танков (Калдис, Чефанов) - 43:40

1:2 - Логвин (Әсетов) - 52:13

2:2 - Морелли (Симонов) - 52:34

2:3 - Аймурзин (Ильин) - 61:05

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді. 

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі екі жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ. 

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Елордалық клуб клубы енді алты ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 28 ақпанда Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасса, одан кейін 2 наурызда СКА (Санкт-Петербург), 7 наурызда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай), 10 наурызда Ресейде «Амур» (Хабаровск), 12 және 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) клубтарымен кездеседі.

Бұған дейін «Барыс» бүгін «Северсталь» командасымен кім мықтыны анықтайтынын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар