ҚХЛ: «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңісіне жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 9 қыркүйекте елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді.

ор
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Бірінші кезеңде елордалық команда қарсылас қақпасына төрт шайба енгізсе, оған ресейлік клуб бір голмен жауап берді. Екінші кезеңде қос клуб екі-екі шайбадан соғып үлгерді. Шешуші кезеңде «Барыс» екі шайба соқса, «Салават Юлаев» үш мәрте көзге түсті.

«Бары«» (Астана, Қазақстан) - «Салават Юлаев» (Уфа, Қазақстан) 8:6 (4:1, 2:2, 2:3)

1:0 - Томпсон (Өмірбеков, Масси) - 03:33

1:1 - Жаровский (Родуолд, Броссо) - 09:31

2:1 - Приски (Томпсон, Морелли) - 14:16 

3:1 - Морелли (Пилон, Бэйли) - 16:36

4:1 - Бэйли (Приски, Пилон) - 19:59

4:2 - Броссо (Панин, Щербаков) - 28:12

4:3 - Ремпал (Алексеев, Шипачёв) - 29:10 

5:3 - Томпсон (Бэйли) - 31:45 ГБ

6:3 - Дэй (Масси, Логвин) - 32:03

7:3 - Шайхмедденов (Маккошен) - 41:55

7:4 - Родуолд (Ремпал, Шипачёв) - 44:35 

7:5 - Алалыкин (Сучков) - 48:15

8:5 - Ляпунов (Бекетаев) - 51:35

8:6 - Алалыкин (Сучков, Стюарт) - 55:38

Қақпашылар: Шепард - Коновалов (Елин, 43:18 - 60:00)

Қазақстандық клуб енді алдағы ойынын 12 қыркүйекте елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынында Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасын 7:1 есебімен жеңген еді.