ҚХЛ: «Барыс» қатарынан үшінші мәрте жеңіліске ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 26 қазанда Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді.
Алғашқы екі кезеңде ресейлік клуб үш шайба соқса, оған қазақстандық ұжым бір голмен жауап қайырды. Үшінші кезеңде «Автомобилист» тағы бір мәрте көзге түсті.
«Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 4:1 (2:0, 1:1, 1:0)
1:0 - Тарасов (Каштанов, Денежкин) - 12:48
2:0 - Спронг (Клэг, Юдин) - 14:17
3:0 - Горбунов (Кадейкин, Гросс) - 21:03 ГБ
3:1 - Масси (Пилон, Приски) - 39:05
4:1 - Гросс (Голышев, Карпухин) - 46:30
Қақпашылар: Аликин - Шепард.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Бұл - елордалық клубтың қатарынан үшінші жеңілісі.
«Барыс» командасының құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанали Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Қазақстандық команда бұдан кейін бес кездесуді сырт айдында өткізеді. Алдымен 28 қазанда Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубымен кездессе, 30 қазанда Қытайдың «Шанхайские Драконы» (Шанхай) командасымен шеберлік байқасады.
Одан кейін 4 қарашада Ресейде «Трактор» (Челябі), 6 қарашада «Адмирал» (Владивосток), 8 қарашада «Амур» (Хабаровск) клубтарымен ойнайды.