ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Амурға» есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 19 қазанда Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізді.

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Амурға» есе жіберді
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы екі кезеңде ресейлік клуб төрт шайба соқса, оған қазақстандық ұжым бір голмен жауап қайырды. Үшінші кезеңде командалар бір-бір шайбадан алмасты.

«Амур» (Хабаровск, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 5:2 (1:1, 3:0, 1:1)

0:1 — Шайхмедденов (Приски, Савицкий) — 10:28;
1:1 — Лихачёв (Чехович, Кровяков) — 11:39;
2:1 — Ли (Абрамов) — 21:08;
3:1 — Петьков — 32:53;
4:1 — Лихачёв (Пилипенко, Абрамов) — 38:22;
4:2 — Бэйли (Дэй) — 47:26;
5:2 — Лихачёв (Климович) — 51:50.

Қақпашылар: Дорожко — Шутов.

Осылайша, «Барыс» қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанали Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Екі команда арасындағы соңғы бес ойынның біреуінде елордалық клуб жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық команда бұдан кейін бір кездесуді сырт айдында өткізіп, 21 қазанда Ресейде «Адмирал» (Владивосток) клубымен шеберлік байқасады.