ҚХЛ: «Барыс» Ресейде буллиттен «Спартакты» жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 4 қазанда Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында командалар алғашқы минуттан белсенділік көрсетті. Соған қарамастан бірінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Ойынның 27-минутында мәскеулік клубтан Даниил Гутик мергендігімен көзге түссе, одан кейін елордалық клубтан Логан Дэй 30, Әлихан Әсетов 34-минутта екі гол соғып кетті.
Ал 36-минутта ресейлік клубтан Данил Пивчулин таразы басын теңестірсе, Люк Локхарт 48-минутта алға шығарды.
Одан кейін қазақстандық клубтан Тайс Томпсон көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттен «Барыстың» жолы болды. Нәтижесінде олар қарсыласынан буллиттен 4:3 есебімен басым түсті.
«Барыстың» құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Қазақстандық команда бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 10 қазанда Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасымен кездессе, одан кейін 12 қазанда «Сибирь» (Новосібір), 14 қазанда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубтарымен ойнайды.