ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Локомотивтен» басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 20 қыркүйекте Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізді.

«Барыс» хоккей клубы
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Турнир кестесінде «Металлург» командасы 6 ойыннан кейін 12 ұпаймен бірінші орында тұрса, «Барыс» 6 ұпаймен оныншы орында келеді.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесуде елордалық клуб барлығында қарсыласына есе жіберді.

Бүгінгі кездесу барысында қазақстандық команда белсенді ойын көрсетті. Бірінші және екінші кезеңде екі шайбадан соқса, үшінші кезеңде есеп айырмасын тағы бір голға арттырды.

«Локомотив» (Ярославль, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 0:5 (0:2, 0:2, 0:1)

0:1 - Масси (Пилон) - 15:10

0:2 - Дэй (Симонов, Логвин) - 18:35

0:3 - Бэйли (Пилон, Морелли) - 36:53

0:4 - Шайхмедденов (Шестаков, Масси) - 38:40

0:5 - Симонов (Диханбек, Приски) - 41:45

Қақпашылар: Мельничук (Исаев, 38:40 - 60:00) - Шутов.

Осылайша «Барыс» сырт айдында қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.

«Барыстың» құрамы

Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Айта кетсек, қазақстандық команда бұдан кейін тағы бір кездесуін сырт айдында өткізіп, 22 қыркүйекте «Динамо» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.