ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Салават Юлаевқа» есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 18 қарашада елордада Ресейде «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді.

Барыс
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Командалар кездесу барысында тартысты ойын өткізді. Бірінші кезеңде ресейлік команда үш шайба соқса, оған қазақстандық клуб бір голмен жауап берді. Одан кейінгі екі кезеңде қарсыластар екі-екі мәртеден көзге түсті.

«Салават Юлаев» (Уфа, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 5:3 (3:1, 0:0, 2:2)

Голдар:

1:0 - 00:49 Шипачёв (Цулыгин, Кузнецов)

2:0 - 04:36 Броссо (Жаровский, Шипачёв)

2:1 - 14:20 Шайхмедденов (Маккошен, Әсетов)

3:1 - 17:37 Алалыкин (Шипачёв, Сучков)

4:1 - 45:56 Ефремов (Горшков)

4:2 - 48:24 Бэйли (Томпсон, Симонов)

4:3 - 53:51 Морелли (Томпсон, Пилон)

5:3 - 59:59 Горшков (Ефремов).

Қақпашылар: Вязовой - Шутов.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің екеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Дмитрий Николаев, Владислав Нурек, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Қазақстандық команда енді алдағы ойынын 20 қарашада Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Металлург» командасынан басым түсті.