ҚХЛ: «Барыс» үш ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 12 қарашада елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді.

ҚХЛ: «Барыс» үш ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Кездесу барысында бірінші кезеңде ресейлік команда екі шайба соқса, оған қазақстандық клуб бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмаса, үшінші кезеңде елордалық ұжым қатарынан үш гол соғып кетті.

Адмирал
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Адмирал» (Владивосток, Ресей) 4:2 (1:2, 0:0, 3:0)

1:0 — Морелли (Приски, Симонов) — 08:47
1:1 — Усманов — 19:04
1:2 — Грасс (Камара, Рендулич) — 19:38
2:2 — Шестаков — 46:51
3:2 — Логвин (Дэй, Пилон) — 53:38
4:2 — Логвин (Пилон) — 59:08

Қақпашылар: Шутов — Бояркин.

Адмирал
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсіп, үшінші ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.

Елордалық команда соңғы алты ойынның екеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің төртеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің біреуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
Қазақстандық команда бұдан кейін тағы бір ойынын елордада өткізіп, 15 қарашада

Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) ұжымын қабылдайды.