ҚХЛ: «Барыс»бүгін Ресейде «Салават Юлаевпен» кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 18 қарашада елордада Ресейде «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 26 ойыннан кейін 29 ұпаймен он үшіншіорында тұрса, «Ак Барс» клубы 29 ойыннан кейін 28 ұпаймен он жетінші орынға жайғасқан.
Елордалық команда соңғы алты ойынның үшеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің екеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің екеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
«Барыс» командасының құрамы
Қақпашылар: Дмитрий Николаев, Владислав Нурек, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Металлург» командасынан басым түсті.