ҚХЛ: «Барыс» хоккейшілері «Сібір» командасымен тартысқа түседі

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» хоккейшілері «Сібір» командасымен тартысқа түседі.

ҚХЛ: «Барыс» хоккейшілері «Сібір» командасымен тартысқа түседі

ҚХЛ додаларында қарсыластар 12 кездесу өткізді. Оның жетеуінде астаналық хоккейшілер басымдық көрсетті.

Атап айтқанда, ҚХЛ-дың турнирлік кестесінің Шығыс конференциясында «Барыс» командасы 62 ұпаймен 7-нші орынға табан тіреді. Ал оның бүгінгі қарсыласы 42 ұпаймен 11-інші орынға орналасты.