ҚХЛ: «Барыс» командасы «Сібір» хоккейшілерімен кездеседі

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында Новосібірде астаналық «Барыс» командасы «Сібір» хоккейшілерімен кездеседі.

ҚХЛ: «Барыс» командасы «Сібір» хоккейшілерімен кездеседі

 Ағымдағы ойын маусымында қарсыластар үш рет кездесіп, оның екеуінде «Сібір» жеңіске жеткен еді.

 ҚХЛ-дың турнирлік кестесінде екі команданың арасындағы ұпай айырмашылығы 19-ға жетіп отыр. Яғни, бүгінде «Барыс» 70 ұпайымен  Шығыс конференциясында 7-ші орында, ал «Сібір» 11 орынға тұрақтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған  дейінгі ойында астаналықтар Омбының «Авангардына» 3:2 есебімен есе жіберіп алды.