ҚХЛ: «Барыс» Нижнекамскінің «Нефтехимигін» тізе бүктірді
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында өткен ойында астаналық «Барыс» Нижнекамсінің «Нефтехимигін» тізе бүктірді.
Бұл кездесуде есепті қонақтар ашқанымен, елордалық хоккейшілер кешегі тегеурінді шабуылдары арқылы өздерінің басымдықтарын көрсете алды. Жалпы ойынның негізгі кезеңі бойынша «Барыс» «Нефтехимикті» 7:4 есебімен ұтты.
Атап айтқанда, ҚХЛ чемпионаты аясында астаналық команданың келесі тартысы өз айдынында 15 ақпанда Омбының «Авангард» командасымен өтеді.