ҚХЛ: «Барыс» новокузнецкілік «Металлург» командасынан басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Құрлықтық xоккей лигасы матчтары аясында астаналық "Барыс" клубы өз алаңында Новокузнецкінің "Металлург" командасынан 4:2 есебімен басым түсті.
Алғашқы айналымда астаналық xоккейшілер өте сенімді ойнап, алғашқы минуттарда қатарынан екі шайбаны қарсыластар қақпасына енгізген болатын. Шайба авторлары - Кевин Даллман мен Константин Пушкарев.
Екінші таймда "Барыс" сапында Ландин үшінші шайба салды, дегенмен қарсыластар қарымта екі гол салып, бұл басымдықты біршама азайта алды.
Ал соңғы он бес минуттықта Брэндон Боченски ресейліктердің қақпасынан саңылау тауып, "Металлург" қақпашысын қапыда қалдырып кетті. Қорытынды есеп - 4:2.