ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында азулы қарсыласына ұтылды
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше кешқұрым Астанада Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы ойында «Барыс» Қазанның «Ақ Барсына» есе жіберіп алды.
Бұл ойында қонақтар тегеурінді ойын көрсете алды және ойынның алғашқы 4 минутында олар есепті бірінші болып ашты. Араға жарты минут салып астаналық Талғат Жайлауов есепті теңестіру мүмкіндігін жүзеге асырды. 8-інші минутта «Барыс» есепті еселеді. Осыдан кейін Қазанның жаттықтырушылары команда қақпашысын ауыстырды, сондай-ақ «Ақ Барс» хоккейшілерінің ойын өрнегі жаңа қарқынмен күш алды. Атап айтқанда, осы кездесуде «Барыс» қонақтарынан 4:6 есебімен ұтылды.
ҚХЛ-дың турнирлік кестесіне тоқталатын болсақ, Шығыс конференциясында Қазанның командасы 83 ұпаймен 3-інші орында тұр, ал «Барыс» 73 ұпаймен 6-ншы орында тұрақтады.
Астаналықтардың келесі ойыны 5 қаңтарда «Қазақстан» спорт сарайында «Нефтехимик» командасымен өтеді.