ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында ұтылды
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астанада өткен ойында елордалық «Барыс» Омбының «Авангардына» есе жіберіп алды.
Атап айтқанда, бұл тартысты дода 2:5 есебімен аяқталды.
Бүгінде ҚХЛ-дың турнирлік кестесінің Шығыс конференциясында «Барыс» 76 ұпаймен 6 орында, ал «Авангард» командасы 81 ұпаймен бір саты жоғары тұрақтады. ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында қарсыластар 13 рет тартысқа түскен. Алайда, астаналықтар оның бесеуінде ғана жеңіске жетті. Қазіргі кезде «Барыстың» артынан әрқайсысы 75 ұпай жинаған «Амур» және «Югра» командалары қаумалап келеді.
Айта кетейік, елордалық хоккейшілерінің алдағы ойыны 17 ақпанда «ЦСКА» командасымен өтеді.