ҚХЛ: «Барыс» «Салават Юлаевты» 5:2 есебімен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Барыс" хоккей клубы бүгін Уфа қаласының "Салават Юлаев" командасын 5:2 есебімен жеңіп, Гагарин кубогының плей-офф сериясындағы есепті теңестірді.
None
None

Наурыз мейрамына сәйкес келген ойынға кешегі, бірінші ойындағыдай жанкүйерлер көп жиналды. Трибуналар лық толды. Жиналған қауым «Барыс» Ұлыстың ұлы күнінде кешегі жеңілістің есесін қайтарады деген нық сенімде отырды. «Барыстың» ойыншылары да ойынға қол сыбанып, белсене кірісті. Шабуылды үдетіп, қарсыластарына кешегі ойыннан сабақ алғанын анық білдірді. Ақырында жанкүйерлердің үміті ақталып, бүгін «Барыс» уфалық қарсыластарын жеңіп, сериядағы есепті 1:1 ғып теңестірді. Келесі екі матч наурыздың 24-і мен 25-і «Салават Юлаевтың» мұз айдынында өтеді.

Соңғы жаңалықтар