ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында айқын басымдықпен жеңіске жетті

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясында Новосібірдегі ойында астаналық «Барыс» командасы «Сібір» хоккейшілерін айқын басымдықпен тізе бүктірді.

ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында айқын басымдықпен жеңіске жетті

Бұл тартысты додада сібірліктер оқтын-оқтын шабуыл жасағанымен елордалықтар оларға ырық бермеді. «Барыс» хокейшілері ойынның үш кезеңінің нәтижесі бойынша айқын басымдық көрсетті,  ал қарсыластар есеп ашуға қауқарсыз болды. Сонымен, осы кездесу 0:5 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталды.

Ағымдағы ойын маусымында қарсыластар төрт рет кездесіп, оның екеуінде «Сібір» жеңіске жетті.

 ҚХЛ-дың турнирлік кестесінде екі команданың арасындағы ұпай айырмашылығы 22-ге жетіп отыр. Яғни, бүгінде «Барыс» 73 ұпайымен  Шығыс конференциясында 5-ші орында, ал «Сібір» 11 орынға тұрақтады.

Айта кетейік, «Барыстың» бұдан кейінгі кездесуі 28 қаңтарда сырт айдында, яғни Новокузнецк қаласында    «Металлург НК» командасымен болады.