ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында омбылық командаға есе жіберіп алды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясында Омбыда өткен ойында астаналық «Барыс» омбылық «Авангард» командасына есе жіберіп алды.

ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында омбылық командаға есе жіберіп алды

Атап айтқанда, ойынның бастапқы кезеңін қарқынды бастаған елордалық хоккейшілер қатарынан екі шайба салып, есепті еселеу мүмкіндігін жүзеге асырды. Алайда, бұдан кейін  омбылықтар есепті теңестіріп қана қоймай, бұл кездесудің басымдығына ие болды. Яғни, осы тартысты дода 3:2 есебімен «Авангардтың» жеңісімен аяқталды.

ҚХЛ аясында қарсыластар 13 рет кездесіп, оның бесеуі «Барыстың» пайдасына шешілді. Ағымдағы маусымда командалар 3 ойын өткізіп, оның барлығында да омбылықтар басым түсті.

Қос команда да ҚХЛ-дың Шығыс конференциясының өкілі болып табылады. Осы кездесуден кейін жалпы турнирлік кестеде «Авангард» 71 ұпаймен 10-шы орынға, ал «Барыс» 70 ұпаймен 11 орынға тұрақтады.