ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Витязь

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Витязь» (Подольск) командасын қабылдайды.

ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Витязь

Айта кеткен жөн, «Витязь» осы уақытқа дейін он үш ойын өткізіп, соның бесеуінде жеңіске жеткен. Қазір оның үлесінде 16 ұпай бар. Лиганың жалпы турнирлік кестесінде Подольск қаласының құрамасы 18-ші орында тұр.

Ал «Барыс» бүгінгі қарсыласына қарағанда, екі матчқа кем ойнаған. Дегенмен, он бір ойында ол екі-ақ рет ұтылды. Астаналық клуб 27 ұпаймен жалпы турнирлік кестеде үшінші орында келеді.

Бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.