ҚХЛ: «Барыстың» қарсыласы Мәскеу облысының «Атлант» командасы
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» Мәскеу облысының «Атлант» командасымен тартысқа түседі.
Ағымдағы ойын маусымында қарсыластар өткен жылдың қазанында кездескен болатын. Сол ойында «Атлант» астаналық хоккейшілерді 2:0 есебімен тізе бүктірген еді. Айта кетерлігі, жалпы ҚХЛ чемпионаты аясында екі команда 7 рет кездесіп, оның тек біреуінде ғана «Барыс» хоккейшілері ұтты.
ҚХЛ турнирлік кестесінің Батыс конференциясында «Атлант» 70 ұпаймен 5-інші орында тұр, ал «Барыс» Шығыс конференциясында 67 ұпаймен 7-нші орынға тұрақтады.