ҚХЛ чемпионатының турнирлік кестесінде «Барыс» 56 ұпаймен «Шығыс» конференциясында сегізінші орында тұр

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» Магнитогорск қаласында «Металлург» командасымен кездеседі.
None
None

Атап айтқанда, ҚХЛ чемпионатының турнирлік кестесінде «Барыс» 56 ұпаймен «Шығыс» конференциясында сегізінші орында тұр. Ал бүгінгі қарсылас команда 66 ұпайымен үшінші орынға тұрақтады.

Чемпионат аясында екі команда 7 рет кездесті. Оның бесеуінде «Металлург» жеңіске жетті.

Өткен жылдың желтоқсанында Магнитогорск хоккейшілерді 9 ойынның барлығын жеңіспен аяқтаса, астаналықтар 8 кездесудің 4-інде  ғана басым түсті.

Соңғы жаңалықтар