ҚХЛ-дің Шығыс конференциясы «Барыс» командасының сайтын үздік деп таныды

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Шығыс конференциясы Астананың «Барыс» хоккей клубының сайтын үздік деп таныды. Бұл туралы ҚХЛ-дың маркетинг және PR-клубтары басшыларының Ригада өтіп жатқан семинарында мәлім болды.

ҚХЛ-дің Шығыс конференциясы «Барыс» командасының сайтын үздік деп таныды

ҚХЛ-дың ұйытқы болуымен ұйымдастырылған семинардың бірінші кезеңінде ҚХЛ-дың маркетинг департаментінің мамандары лига клубтарының интернет-ресурстарының сайттарына талдау жасап, үздік сайттарға шолу жасады.

Шығыс конференциясында елордалық «Барыс» ХК-ның сайты үздік деп танылса, Батыс конференциясында Мәскеу түбінің «Атлант» командасының сайты бірінші болды.