ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында «Барыс» әлі де көш бастап тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» бұрынғысынша Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясының турнирлік кестесінің көш басында тұр, деп хабарлайды Sports.kz.
«Ақ барсқа» минскілік «Динамо» командасымен болған кездесу ұпай әкелмеді және ол екінші орнында қалды. Ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталып, есеп 4:1 болды. Беларусь спортшылары тарапынан Егор Шарангович (21-ші минут), Евгений Ковыршин (33-ші минут), Шарль Лингле (48-ші минут) және Марк-Андре Граньяни (59-шы минут) ерекше ойын өрнегін көрсетті. Қазандық команда үшін шайбаны Михаил Глухов (27-ші минут) салды.
Осылайша, 31-ші матчтан соң «Барыс» 57 ұпаймен Шығыста бірінші орында тұр.