ҚХЛ: Ханты-Мансийскіде астаналық «Барыс» хоккейшілері «Югра» командасымен кездеседі

None
None
None

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында  Ханты-Мансийскіде астаналық «Барыс» хоккейшілері «Югра» командасымен кездеседі.

 Турнирлік кестеге қарағанда, қос команда да қатар келе жатыр. Атап айтқанда ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 59 ұпай жинаған  «Барыс»  7 орында, ал «Югра» (59 ұпай) 8 орында тұрақтады.

 Осының алдындағы ойынында «Югра» «Нефтехимик» командасына 3:6 есебімен ұтылған болатын. Астаналық команда керісінше «Металлург» хоккейшілерімен болған кездесуін 2:1 есебімен жеңіспен аяқтады.

 Ханты-Мансийск командасымен «Барыс» үш мәрте кездесіп, оның екеуінде «югралықтар» ұтты. Естеріңізге салсақ, қос команданың соңғы кездесуінде астаналық хоккейшілер өз айдынында «Юградан» 0:7 есебімен айқын басымдықпен жеңілген еді.

Соңғы жаңалықтар