ҚХЛ клубтары рейтингінде «Барыстың» орны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚХЛ клубтарының рейтингісі белгілі болды. Лиганың пресс-релизінде клубтардың болжамды рейтингі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

ҚХЛ клубтары рейтингінде «Барыстың» орны белгілі болды

Рейтингте ЦСКА мен СКА-ны басып озған финдік «Йокерит» көш бастап тұр. Соңғы орында «Адмирал» тұр.

Еске салайық, ҚХЛ директорлары кеңесінің отырысында барлық 25 қатысушыны алып қалып, ешкімді шығармау туралы шешім қабылданды. Қазақстандық «Барыс» 12-орынды сақтап қалды. Жеті орынға көтерілген «Динамо» жоғары көрсеткішке ие болды. «Сібір» мен «Сочи» қатты түсіп кеткен - алты және бес орынға төмендеді.