02:33, 02 Қазан 2015 | GMT +5
ҚХЛ матчында «Барыс» 3:4 есебімен ЦСКА-ға жол берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде өткен Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» овертаймда ЦСКА-ға 3:4 есебімен жол берді.
Командалар алғашқы секундтардан-ақ тартфысты ойынға бейілді екенін көрсетті. Дегенмен, алғашқы кезеңдегі алаңнан шеттетулер агрессиялық ойыннан емес, байқаусыздықтардан болып жатты . «Барыс» қателіктері үшін екі рет ЦСКА-ның сазайын берді. Алаң иелері бір рет шайба тастады, деп жазады Sports.kz .
Екінші жиырма минутта қарсыластар бір-бірінің беріктігін сынға салды. Қауіпті сәттер екі жақта да жетіп-артылды, бірақ -та мұндай сәттерді «армиялықтар» қағыс жібермеді.
Үшінші кезеңде «Барыс» ойын бастамаларын өз қолына алды. ЦСКА қарсы шабуылдарды ғана қанағат тұтты. Қорытындысында есеп теңесті. Дегенмен соңғы нәтижелі шайбамен ЦСКА алға озды.