ҚХЛ жұлдыздар матчы: Шығыс Батыс командасынан басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы хоккей аптасы ӘХЛ жұлдыздар матчында Шығыс конференциясының құрамасы Батыс командасынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚХЛ жұлдыздар матчы: Шығыс Батыс командасынан басым түсті

Бұл ойынға қазақстандық «Айсұлу» мен «Томирис» командаларының хоккейшілері қатысты.

Өткен жылы ӘХЛ жұлдыздар матчында Батыс Шығыс командасын 4:0 есебімен жеңген болатын. Міне, биыл Шығыс Батысты 3:2 есебімен қапы қалдырды.

ӘХЛ жұлдыздар матчы. Астана

Шығыс- Батыс - 3:2 (2:0, 1:2, 0:0)

Шайбалар:

1:0 - Павлова
2:0 - Лебедева
2:1 - Канаева
2:2 - Пирогова
3:2 - Сосина
Қақпашылар: Пругова - Александрова.

Жарыс кестесі:

11 қаңтар:
18:30 Жастар Хоккей Лигасы. Жұлдыздар матчы L

13 қаңтар:
13:00 ҚХЛ жұлдыздары. Мастер-Шоу

14 қаңтар:
13:00 ҚХЛ. Жұлдыздар матчы

Фото icehockey.kz