ҚХЛ жұлдыздары матчы: Батыс Шығыс командасын 7:3 есебімен ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы хоккей аптасы ӘХЛ жұлдыздар матчында ерлер арасында Батыс пен Шығыс командалары өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Аса тартысты өткен ойында Батыс Шығыс командаларын 7:3 есебімен ойсырата ұтты. Айта кетейік, Шығыс конференциясының құрамасында «Снежные Барсы» мен «Алтайдың» хоккейшілері өнер көрсетті.

Енді қаңтардың 14-і Астанада хоккей аптасының ең басты кездесуі өтеді - бұл ҚХЛ жұлдыздары матчы.

ҚХЛ жұлдыздар матчы - 2018, Астана

Шығыс- Батыс - 3:7 (1:2, 1:3, 1:2)

Шайбалар:
0:1 - Крутий - 07:25
1:1 - Шабанов - 10:36
1:2 - Волошин - 14:12
2:2 - Коробкин - 20:42
2:3 - Коваленко - 22:06
2:4 - Гераськин - 29:12
2:5 - Гераськин - 32:41
2:6 - Царюк - 44:24
2:7 - Чернов - 53:25
3:7 - Абдеев - 59:03

Қақпашылар: Нечистовский - Устименко

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір күн бұрын осы жұлдыздар матчы аясында батыс арулары да шығыстан келген командаластарын ұтып кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар