ҚХР банктерінде мерзімі өткен кредиттер көлемі 2016 жылғы бірінші тоқсанда $213 млрд-қа дейін артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы бірінші тоқсанның аяғында Қытай коммерциялық банктерінің мерзімі өткен кредиттерінің көлемі 9,23%-ға артып, 1,39 трлн юанды ($213 млрд) құрады.
ҚХР банк қызметін реттеу комиссиясының баяндамасында қытай коммерциялық банктерінің арасында өтелуі нашар қарыздың жалпы көрсеткіші 2015 жылы 1,67%-дан бастап, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 1,75%-ға дейін өсті, деп хабарлады ТАСС.
«Тұтастай тәуекел деңгейі бақыланатын деңгейде қалады», - деген Lianxun Securities инвестициялық компаниясының сарапшысы Фу Личуньның пікірі жұмада "Цзинцзи цанькао бао" басылымында келтірілді.
Ол көрсеткіш өсімінің негізгі себептері қытай экономикасын реформалау үрдісі деп санайды. Фу Личунь егер қарызды ұлғайту мәселесін шешпесе, онда қытай экономикасы кредиттік тәуекелдерге ұрынатынын айтты.
Баяндамада кредиттердің мерзімі өтуінің арту себептерінің бірі қытай экономикасының өсу қарқынының баяулауы болып табылады делінген. Қазіргі уақытта Қытайда ұлттық экономика өсімі қарқыны біртіндеп баяулау үстінде.