ҚХР Бас кеден басқармасы мен «Астана-1» ақпараттық жүйелері ықпалдастырылмақ

«Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы кедендік статистиканың алшақтығын төмендету мақсатында ҚР Қаржы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасындағы қолданыстағы келісімге алмасатын ақпарат құрамын кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, қытай тарапымен «Ақылды құлып» пилоттық жобасын іске асыру туралы шешім келіссөз жүргізілуде.
Осы мақсатта Қытай Бас кеден басқармасының ақпараттық жүйесімен «Астана-1» ақпараттық жүйесін интеграциялау жоспарлануда», - деді министр.
Оның айтуынша, бұл импорттаушылардың тауарларды декларациялауының дұрыстығын қамтамасыз етеді. Ең бастысы бүгінгі күні кедендік шекарада бар сыбайлас жемқорлық көріністерін айтарлықтай төмендетеді.
«Сондай-ақ, Кедендік бақылау аясында тексеру іс-шаралары күшейтілді. Сыртқы экономикалық қызметтің «тәуекелдік» қатысушыларына қатысты тәуекелдердің тиісті бейіндері және тағы басқалары әзірленеді», - деді Ә.Смайылов.