ҚХР басшысы Ху Цзинтьао АҚШ-қа келді

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао төрткүндік мемлекеттік сапармен АҚШ-қа келді.
None
None

Бірінші күнге АҚШ президенті Барак Обамамен келіссөздері жоспарланған. Мемлекет басшылары АҚШ-тың Қытаймен арасындағы сауда дефицитін талқылайды деген болжам айтылып отыр. Американдық сарапшылар орын алып отырған жағдайдың Қытай юанының жасанды төмендетілгенінен болып отырғанын алға тартады, деп хабарлайды «BBC орыс қызметі».

Сапар алдында американдық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Ху Цзиньтао Вашингтон мен Пекин қарым-қатынастың жаңа деңгейіне шығу керек екендігін атап өткен.

Талдаушылар қытайлық басшының осы сапарын соңғы отыз жылдағы ең маңыздысы деп атап отыр. Мұның себебі, Пекиннің соңғы жылдары экономикалық, әскери, және дипломатиялық тұрғыдан күшеюімен түсіндіріледі.

Сонымен қатар ҚХР Төрағасының АҚШ-қа сапарының бір себебі, әлемнің алып екі экономикасының арасындағы текетірестің ушығуы болып табылады. Екі елдің арасында Тайвань мәртебесі және Қытайда адам құқықтарының сақталуы мәселелерінде келіспеушіліктер бар. Осы жайттар келіссөздер барысында талқыланады деген болжам жасалып отыр.

Соңғы жаңалықтар