ҚХР билігі: Бейжің қаласын негізгі ластаушылар - көліктер

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңді негізгі ластаушылар - көліктер. Бұл туралы Цзянсу провинциясы Уси қаласында өткен баспасөз мәслихатында ҚХР қоршаған орта министрінің орынбасары У Сяоцин мәлім етті.
None
None

«Қытайдың 9 қаласында жүргізілген зерттеу Бейжің, Гуанчжоу, Ханчжоу және Шэньчжэнь қалаларын негізгі ластаушылар моторлы көлік құралдары екенін көрсетті», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылдың соңындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қытайда 264 млн моторлы көлік пайдаланылады. Оның 154 млн-ы - автомобильдер. Бұл көрсеткіш бойынша ҚХР АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Аспан асты елінің астанасының жолдарымен шамамен 5,6 млн автомобиль жүреді. Орташа алғанда 100 жанұяға 63 көліктен келеді. Шанхай, Тяньцзинь және Нинбо қалаларының негізгі ластаушы көздері - шаң-тозаң мен өнеркәсіптік өндіріс қалдықтары. Ал Шицзячжуан мен Нанкиннің ауасын көмірдің жануы ластайды екен. Бір жыл ішінде Қытайдың өзге 26 ірі қаласы бойынша нәтижелер белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар