ҚХР-да пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай астанасының орта буын соты ҚХР темір жол министрлігі бас инженерінің орынбасары Чжан Шугуанды өлім жазасына кесті.

ҚХР-да пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

«Синьхуа» агенттігі оған екі жылға кейінге шегеріліп, ең ауыр жаза тағайындалғанын хабарлады.

Үкімде Чжан Шугуанның саяси құқықтан айырылып, барлық меншігі тәркіленгені айтылған. Бұдан бұрын ол 47 млн. юаньнан (7,68 млн. доллар) астам сомада пара алған айыбын мойындаған еді. Бұл қаражатты шенеунік 2000-2011 жылдары 14 компаниямен келісімшарт жасасу барысында алған.

Чжан Шугуан ҚХР бұрынғы министрі Лю Чжицзюнюмен сыбайлас болған. Бұрынғы басшы өткен жылы екі жылға кейінге шегеріліп, өлім жазасына кесілген болатын. Тергеу барысында анықтағандай, пара алғаны және лауазымдық міндетін асыра пайдаланғаны үшін айыпталған Лю Чжицзюнь 1986-2011 жылдары түрлі тұлғалардан 64,6 млн юань (10,53 млн. доллар) пара алған.