Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚХР-да сутекті ұшақ сынақтан өтті

 АСТАНА. Қазақпарат -  ҚХР-да сутекті отын элементімен ұшатын ұшақ сынақтан өтті. Ғалымдар RX1E (электрлік екі орындық ұшақ) базасында  жасаған көлік Шэньян қаласынан ұшып, 320 метр биіктікті бағындырды.

  ҚХР-да сутекті ұшақ сынақтан өтті

Жаңа ұшақ 20 кВт қуат өңдеуге қабілетті  сутекті отын элементімен жарақталған, деп хабарлады РИА Новости. Оның есебінен ұшақтың аккумуляторы ,  сондай-ақ борт жүйелері мен электр моторы қуат алады.

Қытай сутекті отынмен ұшақты сынақтан өткізген үшінші ел. Осы сәтке дейін АҚШ пен Германия ғана  сутекті отын элементімен ұшақтарды сынақтан өткізген болатын.