ҚХР-дың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде 15 адам террорлық әрекеті үшін өлтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша террорлық әрекеті үшін 15 адам өлтіріліп, 14 адам жараланды, деп хабарлады ВВС.
Оқиға жұма күні болған, алайда, БАҚ-та ақпарат тек сенбі күні ғана тарала бастады.
Дерек көзінің хабарлауынша, қаза тапқан 11 адамның өзі шабуылды бірінші бастаған. Олар көшеде жарылғыш заттар лақтырып, бірнеше адамды пышақтаған, деп жазады жергілікті Tianshan News.