ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде жүрдек теміржол құрылысы аяқталды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде Үрімжі-Хами жүрдек теміржолының құрылысы аяқталды, деп хабарлады қытайлық БАҚ «Қытай темір жолдары» корпорациясының мәліметтеріне сүйене отырып.

ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде жүрдек теміржол құрылысы аяқталды

Алғашқы пойыздар жаңа 530 шақырымдық жолмен 16 қараша күні жолға шығады, олардың бастапқы кезеңдегі жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жетеді. Ол аталған елді мекендер арасындағы жолды 5-тен 3 сағатқа дейін қысқартады. Үрімжі-Хами арасындағы жол тармағының құрылысы 2010 жылдың қаңтарында басталды. Ол қазір салынып жатқан Шыңжаң мен Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласын байланыстыратын 1776 шақырымдық теміржол магистралінің бір бөлігі болып табылады.