ҚХР-Еуроодақ-ҚХР бағытында контейнерлік тасымал көлемі 1,6 есеге өсті
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында көлік қызметінің көлемі 3,4 пайызға, жүк айналымы 5,4 пайызға өсті. Транзиттік контейнерлік тасымал бағытындағы көрсеткіштер де жақсара түсуде. Бүгінгі күні біз Қазақстанның транзиттік әлеуетін барынша пайдалануға күш салудамыз»,- деді ол. Министрдің дерегінше, 2017 жылдың І тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 3 есеге артып отыр.
«ҚХР-Еуроодақ-ҚХР бағытында контейнерлік тасымал көлемі 1,6 есеге өсті. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылға дейін автожол саласында 1,7 трлн теңге қаржыға ұзақтығы 4,4 мың км болатын 23 жобаны жүзеге асыруды жоспарлаудамыз», - деді Қасымбек.
Оның айтуынша, биыл өтпелі 7 жобаның жұмысы жалғасады. Жыл соңында 602 шақырымда жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Республикалық бюджет қаржысы мен халықаралық қаржы институттарының займы есебінен жалпы ұзақтығы 3,2 мың шақырым болатын 16 жаңа жобаны бастау жоспарланған.
«Жалпы, автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта құру жұмыстарын жүргізуге биыл 100 мың адам атсалысатын болады», - деді ол.