ҚХР Ганьсу провинциясының Ақсай-Қазақ автономиялық уезінде тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды (ФОТО)

БЕЙЖІҢ-АҚСАЙ. ҚАЗАҚПАРАТ - Қытайдағы Ганьсу провинциясының Ақсай-Қазақ автономиялық уезінде тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды. Бұл туралы аталған өңірдің «Армантау» мәдени серіктестігінің жетекшісі Марқаба Мәлікұлы ҚазАқпараттың Қытайдағы тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.
None
None

«16 маусымда Ақсай-Қазақ автономиялық ауданында «Армантау» (www.armantaw.com) мәдени серіктестігі мен аудандық мәдениет және дене тәрбиесі орталығы бірлесіп қазақтың ұлттық зияткерлік ойынын үйрете бастады. Балаларды тоғызқұмалаққа баулу Қытайда кең таралған WeChat әлеуметтік желісінде де насихатталып, жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Марқаба Мәлікұлының айтуынша, Ақсай-қазақ автономиялық ауданының балалары Шыңжаңда тоғызқұмалақтан өткізілген жарыстарда алдыңғы орындарда көрініп жүр. Келешекте басқа да ұлттық ойындар (асық ату, хан дойбысы, дария т.б.) үйірмелерін ашуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, ресми дерек бойынша ҚХР Ганьсу провинциясының Ақсай-қазақ автономиялық уезінде үш мыңдай, ал Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында - бір миллионнан астам қазақ тұрады.

null null null null

Садық Әкіжанов  

Соңғы жаңалықтар