08:23, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
ҚХР: Қарттар үйінен өрт шығып, 38 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Хэнань провинциясында Қарттар үйінде орын алған тілсіз жаудан 38 адам ажал құшып, алты адам зардап шекті, - деп хабарлады ҚХР мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары.

Кешкі сағат сегіздерде Пиндиншань қаласындағы жекеменшік мекеме ғимараты өртке оранды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
Хабарламаға сүйенсек, зардап шеккен екі адамның халі мүшкіл.
Өрттің шығу себептері әзірге анықталған жоқ.